Шавкаттың АҚШ-қа барып дайындалуына қанша қаржы кетеді?

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-де бақ сынап жүр. Ол әр жекпе-жегі алдында АҚШ-қа аттанып, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл үшін спортшы мен командасына қомақты қаржы жұмсалады. Қанша кететіні жайлы Naiza ұйымы президенті Нұрбек Қарабала өз сұхбатында айта кетті, - деп жазады Vesti.kz.

Он күнге 15 мың доллардай жұмсалады. Бір айлық дайындық үшін 35-40 мың доллар қажет болады. Бұған жол шығыны кірмейді. Оған қоса дәрі-дәрмек, дәрумендер, тамағы мен тұратын орны бар. Шавкат қуыстай бір бөлмелі пәтерде емес, жайлы үйде немесе жақсы қонақүйде тұруы керек, - дейді Қарабала Naiza TV-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат UFC-де 6 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықты. Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде 3-орында келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!