"Алтын доп" иегері "Реалда" қалғысы келмейді

"Алтын доп" иегері "Реалда" қалғысы келмейді
Фото: football-espana.net

"Реал Мадрид" командасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич осы маусым аяқталған соң командадан кетеді, - деп хабарлайды AS басылымы. 

Команданың қазіргі бас жаттықтырушысы Карло Анчелотти көмекшісі болып, қызмет атқаруды ұсынған. Алайда хорват футболшысы әлі де алаңда доп теуіп, кемі бір маусым жоғары деңгейде өнер көрсеткісі келеді. 

Осыған дейін батыстық басылымдар жартылай қорғаушының "Реалдағы" ойын жүйесіне көңілі толмай жүргені жайлы жазған болатын. "Алтын доп" иегері осы маусымда негізгі құрамда көп ойнап жүрген жоқ. 20 ойынға қатысып, 4 нәтижелі пас берген. 

Лука Модрич "Реалда" 2012 жылдан бері ойнап келеді. Мадридтік командамен 24 рет ірі жарыстарда топ жарды. Олардың қатарында Чемпиондар лигасын 5 рет жеңіп алды. 2018 жылы "Алтын доп" иегері атанды. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай