Англияда футбол тарихындағы ең жылдам гол соғылды

Англияда футбол тарихындағы ең жылдам гол соғылды
Фото: @twitter.com/SCEFLeague

"Кройдон" футбол клубының ойыншысы Райан Холл 2 секундта гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Команда футболшының нәтижесін ең жылдам гол ретінде тіркеу үшін Гиннес рекордтар кітабына ұсыныс жасады. 

Гол кубоктық ойындағы "Кройдон" және "Кокфостерс" командалары арасындағы кездесу бастала сала соғылған. Команданың баспасөз қызметі мұны футбол тарихындағы ең жылдам гол ретінде жариялады. 

Райан Холлдың "Кокфостерс" командасы қақпасына соққан голын алуға ақыры қол жеткіздік. Гол 2,31 секундта соғылған, бұл футбол тарихындағы ең жылдам нәтиже. Гиннес рекордтар кітабы мұны қабыл аласыздар ма? - деп жазды әлеуметтік желіде. 

Гиннестің рекордтар кітабы хабарламаға әлі ресми жауап қатқан жоқ.

Айта кетейік, 2009 жылы Сауд Арабиясының "Әл-Хилал" командасы ойыншысы Наваф Әл-Әбед бұдан да жылдам гол соққан болатын. Алайда FIFA командалар құрамы ережеге сай болмағаны үшін ресми есепке алмаған еді.

Қазіргі таңда әлемдегі ең жылдам соғылған голдар саны бірнешеу. Олардың барлығы да төреші ысқырығы шалынысымен, алаң ортасынан бағытталып, нәтижелі аяқталған. Бірақ оның біреуі ғана Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол голды аргентиналық футболшы Рикардо Оливейра соққан. Оның есімі жазылған рекорд 1998 жылы тіркелген. Аргентинаның "Сориано" командасының ойыншысы жергілікті "Рио-Негро" қақпасына 2,8 секундта гол соққан. Әзірге дейін бұл рекордқа түзету енгізілген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз! 

О. Сансызбай