Marca Мбаппенің "Реалмен" келісімшарт жасасқанын хабарлады

Marca Мбаппенің "Реалмен" келісімшарт жасасқанын хабарлады
Фото: footballtransfers.com

ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе мансабын "Реалда" жалғастырады. Футболшы "корольдік клубпен" 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Marca басылымы. 

Беделді басылым ақпараты бойынша Мбаппе мен "Реал" арасындағы келісім 2024 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді. Осыған дейін шабуылшы ПСЖ командасы басшылығына жаңа келісімшарт ұсынбауларын сұрап, "Реалмен" келісім жасасып қойғанын айтқан.

Мбаппе ПСЖ командасында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Бұл аралықта 290 ойынға қатысып, 243 гол соққан, 105 нәтижелі пас берген. Париждік клубпен қазіргі келісімшарты 2024 жылдың жазында аяқталады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай