Роналду Мессимен теңесті. Кім көп гол соққан?

Роналду Мессимен теңесті. Кім көп гол соққан?
Фото: sportmail.ru

Португалия ұлттық құрамасы мен "Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду пенальтиді есептемегендегі 713-ші голын соқты. Осылайша бұл көрсеткіш бойынша Мессимен теңесті. 

Футболшы кеше Азия чемпиондар лигасындағы "Әл-Фейха" командасына қарсы ойында өз командасына жеңіс сыйлаған голды соқты. 

Роналду пенальтиді есептегенде Мессиден көп гол соққан. 1205 матчқа қатысып, 874 рет мергендік танытқан. Ал Месси 1047 ойында 821 голды еншісіне жазған. Пенальтисіз соққан голдар 713 болып теңесіп тұр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай