"Барыс" 11-ші ойын қатарынан ұтылды

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" Владивостокта "Адмиралға" есе жіберді. Нәтижесінде 11-ші ойын қатарынан ұтылып, сәтсіздіктер сериясын жалғастырды. 

Шығыс конференциядағы аутсайдер командалардың ойыны 4:2 есебімен аяқталды. Бірінші кезеңде "Адмирал" бір шайба басымдығымен ұтып шықса, екінші кезеңде "Барыс" таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына 4 минут қалғанда мұз айдын иелері жеңіске бастар жолды тауып кетті. 

Ертең командалар мұз айдында қайта кездеседі. "Барыс" та, "Адмирал" да биылғы плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі жоқ командалар қатарында. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!