Жабық кешендегі әлем чемпионатына елімізден екі жеңіл атлет қатысады

Жабық кешендегі әлем чемпионатына елімізден екі жеңіл атлет қатысады
Фото: olympic.kz

Шотландияның Глазго қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Olympic.kz

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Давид Ефремов пен Надежда Дубовицкая. 

Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, Дубовицкая биіктікке секіруден бақ сынайды. Жарыс 1-3 наурыз аралығында өтеді. 

Айта кетелік, былтыр Надежда Дубовицкая үздік үштікке енген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай