Бүгін Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы ойындар басталады

Бүгін Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы ойындар басталады
Фото: uefa.com

Футболсүйер қауым асыға күткен Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің ойындары бүгін түнде басталады. 1/8 финалдағы алғашқы ойындарды "Копенгаген" (Дания) - "Манчестер Сити" (Англия), "Лейпциг" (Германия) - "Реал Мадрид" (Испания) клубтары арасындағы кездесулер бастайды. Ал біз ойындарға қысқа шолуымызды ұсынамыз.

"Копенгаген" (Дания) - "Манчестер Сити" (Англия)


football.by

Дат командасы "А" тобынан плей-оффқа шығады деп көпшілік күтпеген. Алайда "Копенгаген" командасы "Галатасарай" мен "Манчестер Юнайтедті" артқа қалдырып, топта екінші орын алды. Соңғы рет бұл команда 2010/11 жылғы маусымда 1/8 финалға шыққан. Ол кезде екі ойын қорытындысы бойынша "Челсиге" жол берген еді. 

Футболдан Дания чемпионаты әлі басталған жоқ. "Копенгаген" болса тек жолдастық ойындар арқылы дайындалуда. Ал ағылшын премьер-лигасы нағыз қызған шағында. Хосеп Гвардиола жаттықтыратын "қалалықтар" бабында деуге болады. 

Букмекерлер ағылшындық клубты айқын фаворит санайды. "Манчестер Сити" топтағы 6 ойында да жеңіске жетіп, 18 ұпай жинады. Осы маусымда УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Ағылшын премьер-лигасында екінші орында келеді. Сондай-ақ команда құрамында да жарақат алған ойыншылар жоқ. 

Ойынды QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Болжамды құрам: 

"Копенгаген" (4-3-2-1): Грабара — Анкерсен, Дикс, Вавро, Маккенна — Хойлунд, Фальк, Гонсалвеш — Эльюнусси, Барджи — Клаэссон

Ойнамайтындар: Бабакар, Мелинг, Хочолава (жарақат), Лерагер (қызыл қағаз)

"Манчестер Сити" (4-2-3-1): Эдерсон — Аке, Диаш, Аканжи, Стоунз — Родри, Де Брюйне — Доку, Альварес, Фоден — Холанд

Басталу уақыты – 02:00 (Астана уақытымен)
Бас төреші – Хосе Мария Санчес Мартинес (Испания)

"Лейпциг" (Германия) - "Реал Мадрид" (Испания)


liveresult.ru

Неміс командасы екінші маусым қатарынан 1/8 финалға шығуда. Марко Розе шәкірттері "Манчестер Ситиді" ғана алға оздырып, "Янг Бойз" бен "Црвена Звездадан" жоғары ұпай жинады. Алайда 6 ойында да өз қақпаларына гол соқтырды. 

"Лейпциг" бундеслигада 21 турдан кейін 5-орында келеді. Команда қорғанысы жиі сыр беріп, әр ойын сайын қақпаларына гол өткізіп алуда. Букмекерлер бұл ойында да қонақтарды фаворит санайды. 

Карло Анчелотти жаттықтыратын "Реал" топтық кезеңде ұпайдан шашау шығарған жоқ. Ла лигадағы соңғы турда "Жиронаны" ойсырата ұтып, бірінші орынға шықты. Алайда команда құрамында жарақат алған ойыншылар көп. Көп болса да, "Реалда" олардың орнын басар ойыншылар табылады да тұрады. 

Ойынды Qazaqstan ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Болжамды құрам: 

"Лейпциг" (4-4-2): Гулачи — Раум, Орбан, Клостерманн, Хенрикс — Симонс, Шлагер, Кампль, Ольмо — Шешко, Опенда

Ойнамайтын: Хайдара (жарақат)

"Реал Мадрид" (4-3-3): Лунин — Менди, Карвахаль, Тчуамени, Васкес — Кроос, Камавинга, Вальверде — Винисиус Жуниор, Диас, Родриго

Ойнамайтындар: Алаба, Беллингем (белгісіз), Куртуа, Милитао, Рюдигер, Фернандес (жарақат алған)

Басталу уақыты – 02:00 (Астана уақытымен)
Бас төреші – Ирфан Пельто (Нидерланд)

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай