Қытайдағы тегі қазақ боксшы "кіші әлем чемпионатында" алтын алды

Қытайдағы тегі қазақ боксшы "кіші әлем чемпионатында" алтын алды
Фото: XINHUA

Қытайдағы тегі қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқан Болгария елінің астанасы Софияда өткен "Странджа" халықаралық турнирінде чемпион атанды. Ол 80 килоға дейінгі салмақта барлық қарсыласын жеңіп шықты. 

Тоқтарбек финалда болгар елінің боксшысы Кристиан Николовпен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда отандасымыз Тұрсынбай Құлахметтен айласын асырған болатын. 

Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатқан - Қытайдағы этникалық қазақ. Былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы. 

Биылғы "Странджа" турнирінде қазақ боксшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте 5-орын алды. 

"Странджа" халықаралық турнирі әуесқой бокстағы беделді жарыстардың бірі. Тіпті оны "кіші әлем чемпионаты" деп те атайды. Биыл жарыс 75-ші рет ұйымдастырылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай