Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бір саты жоғарылады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сайыстағы әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақстандық Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, 4-орынға көтерілді. 

Елена Рыбакина кеше Абу-Дабидегі WTA 500 - Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде топ жарды. Бұл оның бір орын жоғарылауына септігін тигізді. 

Алғашқы үштікте ешқандай өзгеріс жоқ. Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) мен Кори Гауфф (АҚШ) үш орынға жайғасқан. 

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева 7 саты төмендеп, 73-орынға сырғыды. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!