Футболшыға ойын кезінде найзағай түсті

Индонезияның "Персикас Субанг" клубының футболшысын найзағай соғып, спортшы мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ASTV телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға жолдастық кездесу кезінде болған. 30 жастағы спортшыны ойын кезінде найзағай соққан. 

Дереккөз мәліметінше, 30 жастағы спортшы ес-түссіз күйде ауруханаға түскен. Артынша футболшы жан тапсырған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина