Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 74-ракеткасы, Испания өкілі Кристина Бучамен кездесті.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:1 есебімен оңай жеңіске жетті. Екінші партияда қарсыласы қарқынын үдеткенімен, алайда Рыбакина 6:4 есебімен матчты аяқтады.

Елена матч кезінде жеті эйс пен үш қос қателік жасады және 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Енді қазақстандық теннисші турнирдің финалына шығу үшін ресейлік теннисші Людмила Самсоновамен шеберлік байқасады. Ол бұған дейін Самсоновамен төрт рет кездесіп, бәрінде жеңіліп қалған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз