Елена Рыбакина камбэк жасап, Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі (БАӘ) WTA 500 санатындағы турнирді сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастады. Ол америкалық теннисші, әлемнің 71-ракеткасы Даниэль Коллинзді 4:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Елена екі сағаттан астам уақытқа созылған матч кезінде үш рет эйс жасап, 13 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина мен Даниэль Коллинз екеуінің арасындағы матчтың есебі 3-1 болды.

Рыбакина енді ширек финалда Кристина Буча (№74, Испания) мен Хизер Уотсон (№156, Ұлыбритания) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!