Мұхаммед Салах футбол тарихындағы трансфер рекордын жаңартуы мүмкін

Мұхаммед Салах футбол тарихындағы трансфер рекордын жаңартуы мүмкін
Фото: instagram|mosalah

Мысыр ұлттық құрамасы мен "Ливерпуль" командасының шабуылшысы Мұхаммед Салах жазғы трансфер кезінде Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" командасына ауысуы мүмкін. Бұл ауысым үшін араб клубы қомақты қаржы дайындап отыр, - деп жазады The Athletic.

Сауд Арабиясының командасы Салах үшін 200 миллион фунт стерлинг шығындауға даяр. Бұл 234 миллион еуроны құрайды. Егер ауысым сәтті жүзеге асатын болса, футбол тарихындағы трансфер рекорды жаңаратын болады. Бұған дейін ең қымбатқа сатылған футболшы Неймар еді. Оның ПСЖ командасы "Барселонадан" 222 миллион еуроға бағалап алған болатын. 

Мысырлық шабуылшы "Ливерпульге" 2017 жылы "Ромадан" ауысып келді. Осы маусымда 27 матчқа қатысып, 18 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді. Transfermarkt ақпараты бойынша шабуылшының трансферлік құны 65 миллион еуроны құрайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай