"Қайрат" шабуылшысы Израиль елінің командасына ауысты

"Қайрат" шабуылшысы Израиль елінің командасына ауысты
Фото: ©instagram.com/hbsfc

Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайрат" командасының шабуылшысы Артур Шушеначев Беэр-Шева қаласының "Хапоэль" командасына ауысты. Қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін келісімге қол қойған. 

Transfermarkt ақпараты бойынша шабуылшыны 500 мың еуроға сатып алған. 

25 жастағы футболшы "Тараз" футбол мектебінің түлегі. 2017 жылы "Қайратқа" ауысқан. 2021 жылдан бері ара-тұра ұлттық құрамаға шақырту алып келеді. 

Өткен маусымда алматылық команда сапында 29 ойынға қатысып, 9 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. 

Қазіргі таңда "Хапоэль" командасы Израиль чемпионатында 39 ұпаймен 4-орында келеді. Көш басындағы Хайфаның "Маккаби" командасынан 6 ұпайға қалып тұр. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай