Футболдан ағылшын премьер-лигасында рекорд жаңарды

Футболдан ағылшын премьер-лигасында рекорд жаңарды
Фото: Global Images Ukraine

Футболдан ағылшын премьер-лигасында жаңа рекорд тіркелді. Бұл жолы командалар бір турда соққан голдар саны бойынша үздік нәтиже көрсетті. 

Премьер-лиганың 23-туры "Брентфорд" — "Манчестер Сити" командалары арасындағы ойынмен аяқталды. Бұл ойында барлығы 4 гол соғылып, 3:1 есебімен Хосеп Гвардиола командасы жеңіске жетті. Ал жалпы осы турда барлығы 45 гол соғылды. Бұл – жаңа рекорд. 

Бұған дейін 2020/2021 және 2022/2023 жылғы маусымда 44 гол соғылған тур ойындары болған. 

23 турдан кейін Англия премьер лигасында 51 ұпаймен "Ливерпуль" көш бастап келеді. Екінші орындағы "Манчестер Ситиде" 49 ұпай бар. Үштікті Лондонның "Арсенал" командасы түйіндеп тұр.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай