Азат Мақсұм UFC-гі екінші жекпе-жегінде қанша табысқа кенелді?

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC-гі екінші жекпе-жегі үшін қомақты сыйақы алады. Бұл жайында The Sports Grail жазды. 

28 жастағы отандасымыз жекпе-жегі үшін 16 мың доллар еншілейді. Оның 12 мыңы гонорары болса, 4 мыңы демеушілік сыйақы. Ал Чарльз Джонсон екеуі арасындағы кездесу турнирдің үздік жекпе-жегі мәртебесін иеленді. Бұл үшін спортшыларға 50 мың АҚШ доллары көлемінде сый беріледі. Барлығын қоса алғанда Азат екінші жекпе-жегінде 66 мың доллар табысқа кенелді.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында Чарльз Джонсон қазақстандық Жалғас Жұмағұловты да жеңіп кеткен еді. 

Азат Мақсұм болса UFC-гі алғашқы жекпе-жегінде америкалық Тайсон Нэмнен басым болған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз