Ресейден келген балуан Қазақстан чемпионы атана алмады

Ресейден келген балуан Қазақстан чемпионы атана алмады
Фото: @instagram.com/qaz_olimpics/ Нургали Жумагазы/

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтіп жатыр. Оған еліміздің кіл мықты балуандары қатысуда. Олардың қатарында жуырда ғана Қазақстан азаматтығын алған ресейлік Начин Куулар да бар. Ол 65 килоға дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. 

Начин Куулар ел чемпионатына Шымкент қаласы атынан қатысты. Жартылай финалға дейін қарсыластарынан басым болды. Финал жолдамасы үшін өткен белдесуде жамбылдық Санжар Мұхтармен кездесті. Белдесуде Санжар әдіс-айласын ұтымды жасап, 7:6 есебімен жеңіске жетті. 

Еркін күрестен бұл салмақта маңғыстаулық Майса Алиев жеңімпаз атанды. Ол финалда Санжар Мұхтарға мықтылығын мойындатты. Начин Куулар мен Адлан Асқаров (Алматы облысы) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

5 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

57 келі

1.Ерасыл Мұқтарұлы (Жетісу облысы)
2.Рақат Қалжан (Жамбыл облысы)
3.Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)
3.Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы)

65 келі

1.Майс Алиев (Маңғыстау облысы)
2.Мұқтар Санжар (Жамбыл облысы)
3.Адлан Асқаров (Алматы облысы)
3.Начын Куулар (Шымкент қаласы)

74келі

1. Нұрқожа Қайпанов (СҚО)
2.Талғат Сырбас(Атырау облысы)
3.Елдос Қуанышбай(Жамбыл облысы)
3.Марат Жақыпов(Ақмола облысы)

86 келі

1.Нұржан Исағабылов (БҚО)
2.Нұрдаулет Қуанышбай (Жамбыл облысы)
3.Наурыз Ахметханов (Маңғыстау облысы)
3.Жігер Зәкіров Алматы облысы)

92 келі

1.Әділет Даулымбаев (Алматы қаласы)
2.Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы)
3.Нұрдәулет Бекенов (Шымкент қаласы)
3.Исламбек Ілиясов (Павлодар облысы).

Бүгін ел чемпионатының соңғы күнінде еркін күрестен 61, 70, 79, 97, 125 кило салмақтағы балуандар белдеседі.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай