Мадридтік "Реалдың" Мбаппенің соңғы шешіміне реакциясы қандай?

Мадридтік "Реалдың" Мбаппенің соңғы шешіміне реакциясы қандай?
Фото: ©FC PSG

Танымал журналист және инсайдер Фабрицио Романо ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппенің Мадридтік "Реалға" ауысуы мүмкін екендігімен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Ең сенімді инсайдер Романо өзінің әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) "Сахна артында "Реал Мадрид" өте қатты жұмыс істеп, Килиан Мбаппені сатып алу үшін келіссөздер жүргізуде. Бұл істі "Реал" бастады", - деді.

Бұған дейін Мбаппе ақпан айында өзінің болашағы туралы ашық мәлімдеме жасауға дайын екені белгілі болды, ал "Реал Мадрид" ойыншының трансферін жарияламақшы.

Осы маусымда Мбаппе клуб сапында барлық жарыстарда 28 матч өткізіп, 29 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша қазіргі таңда ойыншының бағасы 180 миллион еуроны құрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов