Юлия Путинцева Таиландтағы турнирдің ширек финалында қытайлық теннисшімен кездеседі

Қазақстандық, әлемнің 70-ракеткасы Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 71-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен шеберлік байқасты.

Екі партия да тартысты өтіп, 7:6 (7:0), 7:6 (7:1) есебімен Путинцеваның пайдасына аяқталды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Юлия жартылай финалға өту үшін әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз