Қазақстандық мерген Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Никита Чирюкин Каирде өтіп жатқан Əлем Кубогының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хоға есе жіберді. Никитаның еншісінде 31, ал жеңімпазда – 37 ұпай. Қола жүлде алған Флориан Петер (Германия) 27 рет дөп тигізді.

Қазақстан құрамасының мергендері Мысырда 4 медальға (1 алтын, 1 күміс, 2 қола) қол жеткізді. 

Бұл рейтингтік әлем Кубогында 66 мемлекеттен жиналған 678 мерген 10 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!