Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 141-орында тұрған құрамамен жолдастық ойын өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиямен болатын матчқа дайындығын Дубайда өткізеді. Жаттығу жиынын 8 наурыз күні бастайды. 

Магомед Адиев жаттықтыратын құрама дайындығын пысықтау мақсатында бір жолдастық кездесу өткізеді. 14 наурыз күні Дубайда Түрікменстан құрамасымен ойнайды. Қарсыластары FIFA рейтингінде 141-орында тұрған құрама. Қазақстан болса бұл рейтингте 100-орында тұр. 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 21 наурыз күні Афинада Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчын Грекияға қарсы өткізеді. Жеңгені Люксембург – Грузия құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен жолдамаға таласады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!