Шымкентте 35 мың жанкүйерге арналған стадион салынады

Шымкентте 35 мың жанкүйерге арналған стадион салынады
Фото: kazfootball.kz

Шымкент қаласында биыл жаңа стадионның құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков "Ордабасы" командасының жанкүйерлерімен кездесу барысында айтты.

Өткен маусымда "Ордабасы" 32 жылдық тарихында алғаш рет ел чемпионатында топ жарды. Дегенмен клубтың жылдар бойы қордаланған қарызы 4,2 млрд теңгеге жеткен болатын. Күрделі мәселе әкім тапсырмасына сәйкес шешімін тапқан. Қазіргі таңда клуб берешегі толықтай жабылып, УЕФА чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен биылғы жылға 4, 3 млрд теңге қаржы бөлінді. “Ордабасы” клубы Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болады.

Қала әкімдігі өз тарапынан өзекті мәселелердің барлығын шешіп, міндеттемелерін толықтай орындады. Алдағы уақытта қаражаттың тиімді жұмсалып, команданың нәтижелі ойын көрсетуіне тікелей клуб президенті Б.Абдубаитов жауапты.

Жуырда Мемлекет басшысына қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беруім барысында мегаполиске заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатынмын. Президентіміз биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы нақты тапсырма берді. Биыл "Бозарық" елдімекенінде 35 мың орынға есептелген стадион құрылысын бастап, 2 жылда, яғни 2026 жылдың ортасына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. "Қажымұқан" стадионы туралы да көпшіліктің арасында әртүрлі алыпқашпа ақпараттар таралуда. Оның бәрі негізсіз. Бұл стадионды да реконструкциядан өткізіп, команданың қосалқы алаңына және жеңіл атлетикадан ұлттық команда жаттығатын орынға айналдыратын боламыз, – деді Ғ.Сыздықбеков.

"Ордабасы" командасы бұған дейін Қажымұқан атындағы орталық стадионда ойнап келген. Бұл алаң еурокубок талаптарына сай келе бермейді. Ал 35 мың жанкүйерге арнап салынатын стадион еліміздегі ең үлкен алаңдардың бірі болмақ.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай