Аргентинаға қарсы ойнайтын қазақстандық теннисшілер құрамы өзгерді

Қазақстан құрамасы 3-4 ақпан күндері Росариода Аргентина құрамасымен Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді. Осыған орай команда құрамында өзгерістер болды, - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Юрий Щукин бастаған бапкерлер құрамасы Александр Бубликтің олимпиада жолдамасын алуына басымдық беру жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы осы аптада Монпелье (Франция) турнирінде ойнайды. Егер осы додада сәтті өнер көрсетсе, Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігі ұлғаяды. Сонымен қатар Аргентинамен матчқа Бейбіт Жұқаев қатыспайтын болды. Ол жуырда Аустралиядағы жарыста жарақат алып қалды.

Жаңарған құраммен Росариода ел намысын әлемнің 176-ракеткасы Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және жұптық сында әлемдік рейтингіде 48-орында тұрған Александр Недовесов қорғайды.

BeeHome+ қосып, басты теннис турнирлерді тікелей эфирде көріңіз!