ҚПЛ-ға қайта оралған "Тұран" футбол клубы бас бапкерді таныстырды

ҚПЛ-ға қайта оралған "Тұран" футбол клубы бас бапкерді таныстырды
Фото: ©ФК "Жетысу"

Түркістандық "Тұран" футбол клубының бас бапкері болып Ринат Алюетовтің тағайындалды. 34 жастағы қазақстандық маман бұған дейін де Қазақстан Премьер-Лигасы клубтарын баптаған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Алюетовтың тағайындалғаны туралы ақпарат Тұранның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында пайда болды. Ол "Жетісу" (2021 жылы ҚПЛ-дың соңғы орыннан түсіп қалған), "Жеңіс" (2022 жылы бірінші лигада сегізінші орын) командаларымен жұмыс істеген еді. Өткен маусымда ол бірінші лигадан ҚПЛ-ға дейін көтерілген Елімай және Жеңіс клубтарын жаттықтырды. 

Енді бірінші лигадан ҚПЛ-ға көтерілген үшінші клубты Алюетов басқарады. Бұл маманның өзін ҚПЛ деңгейінде көрсетуге екінші мүмкіндігі. Ол бұған дейін 2021 жылғы маусымда бапкерлігімен көзге түскен болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fc Turan Turkistan (@fc.turan)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов