Сочи – 2014. Америкалық шанашы қонақүйде қасқыр көрген

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ құрамасының спортшылары үшін қызықты жайттарға толы болуда. Осыған дейін америкалық бобслеист Джонни Куинн өз бөлмесіндегі душ есігін сындыруға мәжбүр болғанын және лифтіде қалып қойғаны жайлы жаһанға жар салып хабарлаған болатын.

Бүгін тағы бір АҚШ спортшысы қонақүйде қасқыр көріп, оны бейнекамераға түсіріп, ғаламтор беттеріне таратты. Қазір бұл бейнежазба туралы түрлі пікір айтылуда. Ал шанашы Кейт Хансен өз көзіне өзі сенбегенін айтып, елді даурықтыруда. Осыған дейін бұл спортшының Сочи көшелерінің бірінде билеп тұрған суреті ғаламторды шарлап кеткен де еді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/3qZA-xOeQmE","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:radioalice.cbslocal.com