Сочи - 2014. Норвегия көш бастады

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы биатлоннан ерлер мен әйелдер арасындағы аралас эстафеталық сында бақ сынаған жерлестеріміз 15-ші орынға табан тіреді. Құрамында Елена Хрусталва, Дарья Усанова, Антон Пантов және Ян Савитский бар Қазақстан құрамасы биік межені бағындыра алмады.

Бұл сындағы ақ Олимпиаданың алтын медалы Норвегия құрамасына бұйырып, жалпыкомандалық есепте көшті бастады. Күміс Чех Республикасының биатлоншыларының еншісіне тисе, қоланы Италия спортшылары жеңіп алды.

Орын Мемлекет    Алтын        Күміс        Қола        Барлығы     1  Норвегия 9 4 7 20 2  Германия 8 3 4 15 3  АҚШ 7 4 10 21 4  Ресей 6 9 7 22 5  Нидерланды 6 7 9 22 6   Швейцария 6 3 1 10 7  Беларусь 5 0 1 6 8  Канада 4 8 4 16 9  Польша 4 0 0 4 10  Франция 3 2 5 10 11  Қытай 3 2 1 6 12  Швеция 2 5 4 11 13  Чехия 2 4 2 8 14  Австрия 2 2 1 5 15  Словения 2 1 4 7 16  Оңтүстік Корея 2 1 1 4 17  Жапония 1 4 2 7 18  Финляндия 1 3 0 4 19  Ұлыбритания 1 0 1 2 20  Словакия 1 0 0 1 21  Италия 0 2 5 7 22  Австралия 0 2 3 5 23  Латвия 0 1 2 3 24  Хорватия 0 1 0 1 25  Украина 0 0 1 1 26  Қазақстан 0 0 1 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:rsport.ru