Сочи-2014: Валерия Цой іріктеу кезеңінен аса алмады

Сноубордшы қызымыз Валерия Цой Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша 1/8 финалға шыға алмады.

1/8 финалға қос сайыс қорытындысы бойынша 16 үздік спортшы іріктеліп шықты.

25 жастағы ел спортшысы қос сайыс қорытындысы бойынша 1:54.57 уақыт көрсеткішімен 23-орынға табан тіредіВалерия бірінші мүмкіндікте Швейцария елінің өкілі Стефани Мюллерге жол берсе, бағдарламаның екінші бөлігінде 57,04 секунд уақыт көрсеткішіне қол жеткізді. 

Енді ел спортшысы 22 ақпан күні параллельді слалом сайысында бақ сынамақ.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін сағат 15:15-те тау шаңғысынан командалық классикалық спринт сайысы басталады. Шаңғышыларымыз Елена Коломина мен Анастасия Слонова өнер көрсетеді. Ізімен финалға берілер жолдаманы сарапқа салу үшін отандық спортшыларымыз Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жарыс жолына шығады. KazSport арнасынан 16:05-те көрсетеді. 

Биатлоннан 2×6 шақырымдық әйелдер эстафетасы мен 2×7,5 шақырымдық ерлер эстафетасында Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Ян Савицкий мен Антон Пантов жарыс жолына шығады.

Сонымен бірге, бүгін ерлер арасында хоккейден 1/4 финалдық ойындары өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: valerietsoy.com