Сочи - 2014. Он бірінші күн қорытындысы

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының он бірінші күні де артта қалды. Бүгін барлығы 7 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Төрт спортшымыз жарыс жолына шығып, тұғырдан көріне алмады.

Шорт-тректе ерлер арасында 500 метр қашықтықта бақ сынаған Айдар Бекжанов пен Нұрберген Жұмағазиев 1/4 финалға өте алмады. Ал әйелдер арасында 500 метр қашықтыққа Қазақстан атынан шыққан Инна Симонова да іріктеуден өте алмады. 10000 метрге конькимен жүгіру сынында Дмитрий Бабенко небәрі 12-ші орыннан көрінді. Сонымен бүгін таратылған медальдар жиынтығының  бір-бір алтын медальдары Франция, Словения, АҚШ, Нидерланды, Оңтүстік Корея елдеріне тиесілі болса, норвегтер қоржыны екі алтын жүлдемен майланды.

Жаңа ғана ерлер арасында фристайлдың ски-хафпайп сынында АҚШ спортшысы Дэвид Вайз чемпион атанды. Күміс канадалық Майкл Ридллға бұйырса, қоланы француз Кевин Роллан жеңіп алды.

Орын Мемлекет     Алтын         Күміс         Қола         Барлығы     1  Германия 8 3 4 15 2  Норвегия 7 4 7 18 3  Нидерланды 6 6 8 20 4  АҚШ 6 4 10 20 5  Ресей 5 8 6 19 6   Швейцария 5 2 1 8 7  Беларусь 5 0 1 6 8  Канада 4 9 4 17 9  Польша 4 0 0 4 10  Қытай 3 2 1 6 11  Франция 3 1 5 9 12  Австрия 2 6 1 9 13  Швеция 2 5 2 9 14  Словения 2 1 3 6 15  Оңтүстік Корея 2 1 1 4 =16  Чех Республикасы 1 3 2 6 =16  Жапония 1 3 2 6 18  Ұлыбритания 1 0 1 2 19  Словакия 1 0 0 1 20  Италия 0 2 4 6 21  Австралия 0 2 1 3 22  Финляндия 0 2 0 2 23  Латвия 0 1 2 3 24  Хорватия 0 1 0 1 =25  Қазақстан 0 0 1 1 =25  Украина 0 0 1 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ntv.ru