Сочи-2014: Свендсен - Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы

Сочи-2014: Свендсен - Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы

Эмиль Хегле Свендсен Сочидегі Олимпиада ойындарында  ерлер арасында 15 шақырымға созылған масс-старт сайысында жеңіс тұғырына көтеріліп отыр.

28 жастағы норвегиялық спортшы 42:29.1 уақыт көрсеткішімен үздік танылды. Екінші орын 25 жастағы француз Мартен Фуркадқа бұйырды - 42:29.1. Үшінші орынды 29 жастағы чех спортшысы Ондржей Моравец иемденді - 42:42.9.

Естеріңізге сала өтсек, бүгін кеште конькимен жүгіруде 10 000 метр қашықтыққа Дмитрий Бабенко шығадыЕл спортшысы осымен Сочидегі үшінші жарыс жолына шыққалы отыр. Ертеректе Дмитрий 5000 метр қашықтықта 15-орынды иемденсе, 1500 метр қашықтықта 30-орынды місе тұтқан болатын. Жарыс жолының басталуы Астана уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.

Тізімде 14 спортшының аты аталады, біздің Бабенко неміс елінің өкілі Патрик Беккертпен жұптасып шықпақ екен.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru


Л. Лига