Сочи-2014: француз сноубордшысы топ жарды

Сочи-2014: француз сноубордшысы топ жарды

Француз Пьер Вольтье Сочиде өтіп жатқан 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында сноубордтан ерлер арасында өткен сайыста жеңіс тұғырына көтерілді.

Екінші орын ресейлік Николай Олюнинге бұйырса, үштікті АҚШ елінің спортшысы Александр Дейболд қорытындылады.

Аталған сайыс түрі кеше өтуі тиіс болатын. Алайда, сноубордшылардың жолына тұман кес-кестеп тұрып алған соң, бүгінгі күнге шегерілген еді. 

Бір айта кетерлігі, сноубордшылар жүлделі орынға таласты 1/8 финалдан бастап кетіпті.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru

Л. Лига