Сочи-2014: Игорь Закурдаев 37-орында

Сочи Олимпиадасында ерлер арасында тау шаңғысынан суперкомбинация сайысы аяқталды. Бұл сында ел спортшылары өнер көрсеткен болатын.

Бірінші сайыстың қорытындысы бойынша норвег спортшысы Хьетиль Янсруд 1:53.24 уақыт көрсеткішімен бірінші орында тұр. Екінші орында - чех Ондржей Банк (+0.14). Үшінші орында - аустриялық Маттиас Майер (+0.37).

Ел атынан сынға түскен 27 жастағы Игорь Закурдаев 37-орынға тұрақтады (1:57.62). Ал 22 жастағы алматылық спортшымыз Мартин Хубер бірінші жарыс бөлігін 42-орынмен аяқтады (1:59.42).

Естеріңізге сала отырсақ, жарыстың екінші бөлігі (слалом сайысы) Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады. Жарыстың екі бөлігінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.nur.kz