Сочи - 2014. Денис Тен ондыққа енді

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей сынға түскен жерлесіміз Денис Тен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 84.06 ұпай жинап, 9-шы орынға тұрақтап отыр. Ал осыған дейін өнерін көрсетіп үлгерген Абзал Рақымғалиев 64.18 ұпаймен  20-шы  орынды қанағат тұтып, еркін бағдарлама кезеңіне өтті.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үздік көрсеткіш жапондық спортшы Юдзуру Ханюға тиесілі болды. Ол барлығы 101.45 ұпай жинады. Екінші орында тұрған канадалық Патрик Чан 97.52 ұпай жинаса, үштікті әзірге 86.98  ұпаймен испаниялық  мәнерлеп сырғанаушы Хавьер Фернандес қорытындылап тұр.

Медальдар жиынтығы сарапқа салына бастаған алтыншы күннен кейінгі жалпыкомандалық нәтижелер:

ОрынМемлекет    Алтын        Күміс    

    Қола   

    Барлығы     1  Германия 7 2 1 10 2  Канада 4 4 2 10 3  Норвегия 4 3 6 13 4  Нидерланды 4 3 5 12 5  АҚШ 4 2 6 12 6  Швейцария 3 0 1 4 7  Ресей 2 5 4 11 8  Қытай 2 1 0 3 9  Франция 2 0 2 4 10  Польша 2 0 0 2 11  Австрия 1 4 0 5 12  Словения 1 1 2 4 13  Беларусь 1 0 0 1 13  Оңтүстік Корея 1 0 0 1 13  Словакия 1 0 0 1 16  Швеция 0 4 1 5 17  Чехия 0 2 1 3 18  Жапония 0 2 1 3 19  Италия 0 1 1 2 20  Аустралия 0 1 0 1 21  Финляндия 0 1 0 1 22  Латвия 0 0 1

1

22  Украина 0 0 1 1 22  Ұлыбритания 0 0 1 1





Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz