Шорт-тректен ерлеріміз финалға өтті

Шорт-тректен еліміздің ерлер құрамасы Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта финалдық кезеңге шықты. 

Нидерландық спортшылар бірінші орынды иеленді. Отандық спортшыларымыз Абзал Ажғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев берілген қашықтықта екінші нәтижені көрсетті - 6:47.152. 

Ел спортшылары финалда Нидерланды, Ресей, Қытай, АҚШ құрамаларымен сынға түседі. Финалдық кезең 21 ақпан күні өтеді.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін сағат 20:00-де ерлер арасында биатлоннан 20 шақырымға созылған жекелей сын басталады. Отандық спортшыларымыз Ян Савитский, Антон Пантов, Сергей Наумик және Александр Трифонов өнер көрсетеді.

Сағат 20:00-де - әйелдер арасында 1000 метр қашықтыққа коньки тебу жарысы. Еліміздің атынан Екатерина Айдова жарыс жолына шығады. 

21:00-де ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен өнер көрсетеді. Бір айта кетерлігі, Денистен осы күні көпшілік қазақстандықтар медаль күтуде. Тікелей көрсетілім KazSport арнасынан.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: ruskating.com