Сочи - 2014. Ресей мен АҚШ құрамаларының қоржыны майланды

Жаңа ғана Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында фристайлдың хафпайп сыны мен мәнерлеп сырғанаудан жұптық өнер көрсетулердің нәтижелері белгілі болды. Алғашқысында АҚШ құрамасының қоржынына алтын түссе, екіншісінде Ресей құрамасының қоржыны майланды.

Олимпиада ойындарына жаңадан енген әйелдер арасындағы фристайлдың хафпайп сынында АҚШ құрамасының өкілі Кейтлин Фаррингтон тұңғыш чемпион болып танылды. Күміс аустралиялық спортшы Тора Брайтқа бұйырса, қоланы тағы бір америкалық фристайлшы Келли Кларк иеленді.

Мәнерлеп сырғанаудан жұптық өнер көрсетуде ресейлік жұптардың жұлдызы жанды. Сочи Олимпиадасының алтыны Максим Траньков пен Татьяна Волосожар жұбынының мойнына тағылса, күмісті жарыс қожайындарының жұбы Федор Климов пен Ксения Столбова иеленді. Қола неміс жұбы Робин Шолковы мен Алена Савченкоға бұйырды.

Сонымен АҚШ құрамасының қоржынына 3-ші алтын түссе, Ресей құрамасы дәл осы сынның командалық сайысында алған алтынынан кейін екінші алтынға қол жеткізді. Ал ақ Олимпиаданың бесінші күнгі қорытындысында Германия құрамасы жалпы медальдар жиынтығы бойынша бірінші орынға көтерілді.

Орын    Мемлекет      Алтын      Күміс      Қола      Барлығы    1  Германия 6 1 1 8 2  Канада 4 4 2 10 3  Норвегия 4 3 5 12 4  Нидерланды 4 2 4 10 5  АҚШ 3 1 5 9 6  Швейцария 3 0 1 4 7  Ресей 2 4 3 9 8  Австрия 1 4 0 5 9  Словения 1 1 2 4 10  Франция 1 0 2 3 11  Оңтүстік Корея   1 0 0 1 11  Польша 1 0 0 1 11  Словакия 1 0 0 1 11  Беларусь 1 0 0 1 15  Швеция 0 3 1 4 16  Жапония 0 2 1 3 16  Чехия 0 2 1 3 18  Италия 0 1 1 2 19  Аустралия 0 1 0 1 19  Қытай 0 1 0 1 19  Финляндия 0 1 0 1 22  Украина 0 0 1 1 22  Ұлыбритания 0 0 1 1 22  Латвия 0 0 1 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru