Сочи - 2014: Вендль мен Арльт - Сочи Олимпиадасының чемпионы

Тобиас Арльт пен Тобиас Вендль Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында екі орынды шанамен екінші мүмкіндіктен алтын алды.

Неміс елінің өкілдері 49.560 уақыт көрсеткішімен бірінші орынды иеленсе, екінші орын аустриялық Андреас Лингер мен Вольфганг Лингерге бұйырды (+0.522). Қола жүлдені латвиялық Андрис Сикс пен Юрис Сикс еншіледі (+0.857).

Естеріңізге сала отырсақ, конькимен 1000 метр қашықтыққа жүгіру сайысында ел намысын қорғап жатқан Денис Кузин 7 орын нәтижесін көрсетті. Ал осыған дейін 500 метрлік сында өнер көрсеткен Роман Креч сыртқы жолда бақ сынап, 13- ші орынға тұрақтады. Жарысқа қатысқан үшінші спортшымыз Федор Мезенцев 33 орында қалды.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: rsport.ru