Сочи - 2014. Денис Кузин үмітті ақтамады

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы конькимен 1000 метр қашықтыққа жүгіру сайысында ел намысын қорғап жатқан Денис Кузин 7 орын нәтижесін көрсетті. Жерлесіміз осы қашықтықтағы нағыз фаворит екенін дәлелдей алмады. Ал осыған дейін 500 метрлік сында өнер көрсеткен Роман Креч сыртқы жолда бақ сынап, 13- ші орынға тұрақтады. Жарысқа қатысқан үшінші спортшымыз Федор Мезенцев 33 орында қалды.

"Адлер-Арена" кешеніндегі алтын алқа нидерландылық спортшы Стефан Гротхейске бұйырды. Күміс канадалық Денни Моррисонға тиесілі болса, қоланы 500 метрлік сайыста топ жарған тағы бір нидерландылық конькиші Михел Мюлдер місе тұтты.

Cонымен ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында Нидерланды құрамасы төртінші алтынына қол жеткізіп, төртінші орнын сақтап қалып отыр.

ОрынМемлекет   Алтын      Күміс      Қола      Барлығы    1  Германия 5 1 0 6 2  Канада 4 4 2 10 3  Норвегия 4 3 5 12 4  Нидерланды 4 2 4 10 5  Швейцария 3 0 1 4 6  АҚШ 2 1 4 7 7  Ресей 1 3 3 7 8  Австрия 1 3 0 4 9  Словения 1 1 2 4 10  Франция 1 0 2 3 11  Словакия 1 0 0 1 11  Беларусь 1 0 0 1 11  Польша 1 0 0 1 11  Оңтүстік Корея 1 0 0 1 15  Швеция 0 3 1 4 16  Чехия 0 2 1 3 17  Жапония 0 2 1 3 18  Италия 0 1 1 2 19  Қытай 0 1 0 1 19  Финляндия 0 1 0 1 21  Ұлыбритания 0 0 1 1 21  Украина 0 0 1 1

Дайындаған: Өмірбек Санысызбай

Сурет: rsport.ru