Сочи-2014: канадалық фристайлшы алтын алды

Сочи-2014: канадалық фристайлшы алтын алды

Фристайлшы Дара Хоуэлл Сочиде өтіп жатқан 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында слоупстайл сайысында алтыннан алқа тақты...

Слоупстайлдан әйелдер арасында өткен сайыста 19 жастағы канадалық қыз үздік бағалауға ие болып (94.20 балл), бірінші орынды иеленді. Ал екінші орын АҚШ-тың атынан қатысқан 20 жасар Дэвин Логанға бұйырды (85.40). 25 жастағы канадалық спортшы Kим Ламарре қола жүлдемен қанжығасын майлады (85.00).

Канада қоржынына тағы бір алтын, тағы бір қола қосылып, "үйеңкі жапырақ елі" командалық есепте көш басында тұрі.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін шаңғы жарысында әйелдер мен ерлер арасында қысқа қашықтыққа жарыс жолы басталады. Ерлер арасынан тәжірибелі ел спортшысы Николай Чеботькоөнер көрсетеді, жас шаңғышылар Денис Волотка мен Роман Рагозиндер аталған спортшыға жарыс жолында көмек қылмақ. Әйелдер арасында Елена Коломина мен Татьяна Осипова жарыс жолына шықпақ. Әйелдер арасында іріктеу кезеңі Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады, ерлер арасында - 16:25. Тікелей эфирде KazSport пен "Хабар" телеарнасынан тамашалай аласыздар. 

Биатлонда 10 шақырымға әйелдер арасында ізге түсу жарысында Елена Хрусталева (Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері) өнер көрсетеді. Аталған спорт түрінен Дарья Усанова да қатыспақ. Тікелей көрсетілім KazSport арнасынан Астана уақытымен сағат 20:50-те көрсетіледі. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: livesport.ru 

Л. Лига