Сырғалар сыр шертеді...

Сырғалар сыр шертеді...

Біз сіздерге күні бүгінге дейін саусақтарға қарап мінез анықтаусүйіп тыңдайтын музыкасына қарап мінез анықтауәшекейіне қарап мінез анықтауқандай шоколадқа әуес екендігіне қарап мінезді анықтау, әжімдер арқылы мінез анықтауқол сағатына қарап қыздардың мінезін анықтау, далабына қарап қыз мінезін анықтауқызметтік іс-әрекетіне қарап мінез анықтауқандай кофеге құмар екендігіне қарап мінезін анықтаубетіндегі меңге қарап мінез анықтауаватарға қарап мінез анықтауқан тобына қарап мінез анықтау ұйықтап жатқандағы жатысына қарап мінезін анықтау сынды мақалаларымызды ұсынған болатынбыз. Ал бүгін солардың қатарына сырғаны да қоспақпыз.

Жаратылысы тым ерекше нәзік жандыларымыздың әшекей бұйымдарына деген қызығушылық бағзы замандардан бері жалғасып келе жатыр. Мұндай әшекейлердің бірі – сырғалар. Бастапқы кездерде сырға деген ұғыммен бірге түрлі тылсым күштер, дуалар ілесіп жүретін болса, бүгінде олар әйелдер қауымының сұлулығына сұлулық қосып, әрлендіретін әшекейдің рөлін атқарып жүр. Алайда, сырғаның атқаратын қызметі мұнымен бітпейді. Олар өздерінің қожайындары туралы да көп нәрсе айта алады.

Сонымен, сырғасына қарап қалай тануға болады? Психолог мамандарымыз әйел затының әшекей таңдаудағы талғамы оның мінезімен тығыз байланысты дегенді жиі ауызға алып жатады. Мәселен, үшбұрышты пішінді сырғаларды тағатын қыздарымыздың мінезі дауыл секілді болып келеді. Ал бұл мінез туралы тәптіштеп айтып жатудың қажеті болмас...

Өткір бұрышты сырғалар айналасын басып-жаныштап алуды көздейтін бикештердің құлағына ілінеді. Эллипс тәрізді сырға иегерлерінің мінезі жайлы әрі эмоциональды болып келеді. Олар өте жеңілтек әрі араласуға, әңгіме-дүкен құруға өте қызықты жандар.

Ал төртбұрышты сырғаларды жиі тағатын танысыңыз болса, достасуға асығыңыз. Өйткені, олар өз-өзіне аса сенімді, мақсатқа тез жеткіш, жауапкершілігі мол жандардың қатарында екен. Мұндай бойжеткендер сөзіне берік, табанды серілерді таңдайды.

Дөңгелек сырғалардың қожайындары ұстамдылығымен, биязылығымен ерекшеленеді.

Ал белгілі бір мүсіндердің араласуымен жасалған түрлі пішіндегі сырғаларды көп жинайтын арулардың шығармашылыққа жақын, талғампаз, жаны сұлу болып келетіндігін естен шығармаңыз.

Ал сізге қандай сырғалар ұнайды?

Суреттер:thegloss.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева