- Негізгі бет
- Сән
- Суретте ұзын көріну...
Суретте ұзын көріну үшін...
Табиғатыңыздан бойыңыз қысқа болып, кей кездері суреттерде ұзын көрінгіңіз келсе, мына лайфхактарға көз жүгіртіңіз.
Қолыңызды жоғары көтеріңіз
Ол екі қолыңызды бірдей көтеріп тұру деген сөз емес. Бір қолыңызды шашыңызды түзеп жатқандай, көзілдірігіңізді ұстап немесе күн сәулесінен көзіңізді жауып тұрғандай көтеріңіз. Бұл қарпайым әдіс дене пішініңізді жинақы етіп, бойыңызды сәл ұзын көрсетеді.
Аяқ ұшымен тұрыңыз
Иә, ескірген кеңес, алайда пайдаға асады. Бастысы екі аяқтың ұшында тұрып өте жоғары тартылмаңыз және мойныңызды да қатты созбаңыз. Бір аяқтың ұшында тұрып сәл көтеріліңіз, екінші аяғыңызды сәл бүгіңіз. Алыста бірдеңені көргендей қозғалыс жасаңыз. Табиғи кейіп танытуға тырысыңыз.
Артқа қарай сәл шалқайыңыз
Бүкірею бойыңызды одан сайын қысқа етіп көрсетеді. Сондықтан суретке түскенде иығыңызды тік ұстаңыз немесе артқа қарай сәл шалқайыңыз.
Аяғыңызды айқастырыңыз
Егер суретке толық бойыңызбен түссеңіз, бір аяғыңызды екінші аяғыңызға айқастырыңыз. Бұл әдіс те бойыңызды ұзын етіп көрсетеді.
Камераны төмен қойыңыз
Егер сізді суретке түсіріп жатқан камераны төменнен ұстап, отырған немесе сәл еңкейген күйде түсірсе, аяғыңыз ұзынырақ, ал өзіңіз биік көрінесіз.
А. Жапатова