Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Бойыңыз қысқа болса...

Бойыңыз қысқа болса...

Бойыңыз қысқа болса...

Табиғаттың берген сыйы деп түсініп, әркім өз бойына өзі ырза. Әрине, ұзын бойлы бойжеткен болып жүру көптің арманы болар. Әйткенмен, барға қанағат тұтуға тура келеді. Бойыңызды өсіру үшін жасамағаныңыз қалмады ма? Сәбіз жедіңіз, белтемірге тартылмақ болдыңыз. Тіпті біраз дәрі-дәрмекке де жүгіндіңіз. Бұлардан ешқандай да пайда болмаса, сабаңызға түсіңіз. Сіз, осылай да сұлу көрінесіз, болмаса сұлу көрінуге тырысыңыз. Ол үшін мына кеңестерге мұқият көз жүгіртіп шығыңыз.

Егер бойыңыз ұзын болмаса, қалай тартымды көрінуге болады?

Денеңізге қонымды пішіндегі киім-кешектерді таңдауға тырысыңыз. Мәселен, резеңке-белдемше, тоқымадан тігілген көйлектер, джинсылар және т.б. Денеңізге бос болып тұратын киімдер сәл ұзындау қыздарға жарасады.

Егер сіздің бойыңыз сәл қысқалау болса, онда сізге totally black (тек қара түсті киімдер) үлгісіндегі образ дәл  келмейді. Бұл түс сіздің денеңізді нақты көрсетіп тұрады және ол адамды одан да кіші көрсетеді. Әйткенмен кез келген қыздың киім гардеробында бір қара классикалық көйлектердің болғаны жөн. Мұндай көйлекті таңдағанда беліңізді қыпша бел етіп көрсететін түріне қызығыңыз. Көйлектің артқы жағы сәл ашық болса да әдемі көрінеді. Оны міндетті түрде биік өкшелі туфлимен киіңіз.

Тіке ою-өрнегі түскен немесе жолақты белдемше таңдауға тырысыңыз. Осы арқылы сіз қысқа аяқтарыңызды әлдеқайда ұзын етіп көрсете аласыз.

Кез келген киімнен классиканың «иісі» шығып тұрғаны дұрыс. Олар сізді ұзын етіп көрсетеді.

Қысқа белдемшелерден қашпағайсыз! Қысқа көйлектер мен қысқа белдемшелер сіздің әдемі дене бітіміңізге көрік сыйлайды.

Бойы өте қысқа қыздарға аса ұзын белдемшелер мен көйлектер жараса бермейді.

Сонымен қатар, өлшемсіз үлкен футболкалар мен свитерлерден аулақ болыңыз. Егер өлшеміңіз табылып жатса, бас тартпауға болады. Қолтығы белге дейін созылатын кеудешелермен керемет көрінем деп ойламай-ақ та қойыңыз.

Сүйікті аяқ киіміңіз биік өкшелі туфли мен платформа болсын. Әйткенмен тым биікке құмар болмаңыз. Әйтпесе «ұзын» бойыңыз, аса биік өкшелі туфлиді шешкенде, қысқарып қалып жүрмесін.

Өкшелі бәтеңкелерге көп жоламауға тырысыңыз. Олар сіздің аяқтарыңызға онша сән бере қоймайды. Бірақ оларды киімдеріңізге байланыстырып анда-санда кисеңіз де болады. Оны кең белдемшемен және джинсылармен киюге болады.

Baby doll стиліндегі көйлектер дәл сіз үшін жасалғандай. Олар сіздің аяғыңызды әдемі етіп қана көрсетпейді, сонымен қатар сіздің нәзіктік қалпыңызды сақтап қалуға да кепілдік береді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: liveinternet.ru

6140 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 16 шілде 2013, 16:28
Пікірлер
+0
16 шілде 2013, 16:41

:P рахмеееет, менің бойым ұзін емес(((

+0
16 шілде 2013, 16:41

Мына кеңестер көмектессе игі болар еді))

+0
16 шілде 2013, 17:17

мынау маған екен, себебі мен белдемше кимеймін мүлде (( киіп көрмесем іздеп қысқасын

+0
16 шілде 2013, 18:28

Бойым қысқа болғанымен, ешқашан қамыққан емеспін, себебі салмағыма сай келеді. Үйлесімді киімдерге қарай көп ұмтылудың арқасында ортамыздағы ең нәзік қыз атанғанмын) Бұл расында да табиғаттың маған сыйы.

+0
16 шілде 2013, 22:50

Маган унаган киім аламын.Жане колледжде шалбар киемін..Тек жазда,коктемде белдемшелер киемін.Бул жазылгандардын маган коп комеги тиеди деп ойлаймын..Рахмет..

+0
21 шілде 2013, 02:37

ҰЗЫНСЫЗ ҚЫСҚА БОЛМАС...

+0
22 шілде 2013, 22:36

рахмет бірақ бұл кеңестерді сақтағанша,,,,,,,,, :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...