Сәрсенбідегі сән: "Табиғи образ"

Сәрсенбідегі сән: "Табиғи образ"

"Сәрсенбідегі сән" жобасының үшінші кейіпкері Ардақ – студент. Ол бүгін назарларыңызға "Табиғи образын" ұсынады.

Аксессуарлары:

Көйлек – INCITY, аяқ киім – Jennifer & Jennifer, сырға – Lady Collection, білезік - I- am, сөмке - Chanel

"Стиль – ол адамның өзі", – деп белгілі ғалым Бюффон айтпақшы, әр адамды өзгелерден ерекшелеп тұратын өз образы, стилі болады. Таңдаған киіміңнің ыңғайлы әрі сәнді болғаны өте маңызды. Қою көк түс, меніңше байсалдылық пен салмақтылықты білдіреді. Образды ашуда әшекейлердің (аксессуарлар) рөлі айрықша. Мен көбіне қазақы нақыштағы әшекейлерді таққанды ұнатамын. Ұлттық нақыштағы әшекейлер қай заманда да өз құндылығын жоғалтпақ емес", – дейді Ардақ. 

Ардақ табиғатта серуендегенді қатты ұнатады. Арудың таңдауы түскен образдан біз де әшекейлерін атап өткіміз келеді. Өрілген шаш пен қазақы сырға бейнеге биязылық беріп тұр. Заманауи қазақы образ әрқашан сәннен қалмақ емес. Бейнеден байқалатын көк түстер суық маусымда теңіз, демалыс, жағажай жайлы ой салады. Әрі ол – 2014 жылғы күздің ең сәнді түстерінің қатарында. 

Айтып өтейік, "Сәрсенбідегі сән" жобасында 4 образ оқырман назарына ұсынылады. Үздіктердің ішіндегі үздік образды таңдайтын – сіздер, құрметті оқырман!

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: ©Мейіргүл Оңғарова

Сәрсенбідегі сән: "Этникалық детальды заманауи образ"

Сәрсенбідегі сән: "Еркін офистік образ"

М. Оңғарова