Сәнді киіну үшін 20 киім ғана жеткілікті

Сәнді киіну үшін 20 киім ғана жеткілікті
Фото: woman.ru

Мельбурн тұрғыны, 28 жастағы Сигрид Маккарти "әр әйел өз киімін ойлап табу керек" деп есептейді. Ол үшін бір-бірімен жарасатын бірнеше киім болса, болғаны. Британия бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Сигрид гардеробында тек қана 20 киім бар екенін айтқан. 

Ол көбіне қара түсті киімді ұнатады. Бар-жоғы 20 киімді бір-бірімен үйлестіріп, мейлінше сәнді образ жасай алатынына сенеді. Ару өзі ойлап тапқан тәсіл адамдардың уақытын ғана емес, ақшасын да үнемдейді дейді. Ол киімді көп сатып алу жұмысыңа кедергі келтіреді деп есептейді. Сигридтің өзі онлайн журналдардың бірін басқарады. 

Сигрид Маккарти

Қара түсті ғана пайдаланып, мейлінше аз киіммен сәнді лук жасау идеясы жаңашылдық емес, оны Батыс сәнқойлары айтып та, қолданып та қойған. Бұл тәсіл – әсіресе, сән журналдарының редакторлары арасында кең танымал. 

Р. Роза