Сән-2016: Қысқы маникюр

Нәзік және ыңғайлы дөңгелек пішін, сезімтал түс және табиғи сұлулық әрқашан сәнде болады. 2016 жылдың сәнді маникюрі де табиғилықпен үйлестірілген. Жылдың бірінші жартысында жылы, жұмсақ және нәзік түстер сәнде болады. Мысалы: шабдалы, ақшыл сары, алқызыл түстер. 

Шілтерлі маникюр. Миландағы және Париждегі сән көрсетілімдерінде қысқы маникюрдің сәнді тенденцияларының бірі - шілтер болды. Ол терезедегі қырау өрнегіне және қарға сәйкес келеді. Тырнақтың мөлдір негізіндегі ұсақ жылтырлар қарға күннің сәулесі түскендей көрінеді. Шілтерлі өрнектерді ақ, ашық көк, күміс түстес секілді қысқы түстермен жасаған жөн.


Шығыс "ерекшеліктерімен" маникюр. Аязды кештерде жылы көрпенің астында жатқанда, қиялымыз ыстық әрі еліктіргіш араб мемлекеттеріне алып баратын кездер болады. Шығыс сұлулығына деген арман 2016 жылдың сәнді маникюріне алып келді. Ол шығыстың қымбат тастарын білдіретін бірегей тырнақ дизайны болмақ. 

Ұнтақты маникюр. Кешкі кейіпті аяқтауға керемет нұсқа. Орташа тырнаққа nude түстес ұнтақ себу - 2016 жылдың сәнді маникюрі. Дизайнерлер тек осы түспен шектелмейді. Барлық тырнағыңызды ұнтақты ету немесе тек бірнеше тырнағыңызды ғана ұнтақпен айқындау, өрнек салу т.б. идеялар ұсынылды. 

Тоқылған маникюр. Суық күндердің жаңа сәні. Жемпірдегі өрнекті еске түсіретін тырнақтағы көлемді тоқыма маникюрі қысқы көңіл-күйді толықтырады. Бастысы қысқа тырнақтарға да жарасады. Көп жағдайда мұндай маникюрді гель-лактың көмегімен жасайды. Ұнтақты маникюр секілді тоқылған өрнекті барлық тырнаққа немесе кейбір тырнаққа ғана салса болады. 2016 жылдың ерекше әрі өте әдемі маникюрі.