- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы сән: жылы...
Қысқы сән: жылы кроссовка
Келе жатқан қыс мезгілі кроссовкадан бас тартуға себеп емес. Егер кроссовка киюді ұнататын бойжеткендер қатарына жатсаңыз, жылы кроссовка алуға болады.
Осы жылғы жылы кроссовкалардың ең танымалдарына аң терісі ендірмесі және түйіншегі бар түрлері жатады. Мұндай кроссовкалар барлық киім үлгісіне үйлесе береді.
Егер аң терісінен жасалған бұйымдарды ұнатпасаңыз, басқа екі трендке мән беріңіз. Біріншісі, жүгіруге арналған секілді дөрекі кроссовка және екіншісі, жинақы «классикалық» кеды. Олардың күз-қыс 2017-2018 топтамасында көрсетілген сәнді түсті түрін таңдасаңыз, трендтен қалыспайсыз.
Сәнді тәжірибе жасап көруден қорықпаңыз. Стилистер мен сән блогерлері секілді жылы кроссовканы пальтомен және mom jeans шалбарымен, «гүлді» миди белдемшемен және қысқа тонмен батыл кие беріңіз.
А. Жапатова