- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы сән-2018: түстер...
Қысқы сән-2018: түстер үйлесімі
Қыста қара, ақ және сұр түстер әрқашан ұтымды көрінеді. Алайда, әдемі киім үлгісін жасауға сәнді әрі ерекше түстер үйлесімін қолдануға болады. 2018 жылғы қыс мезгілінде сәнді көрінетін түстер үйлесімін ұсынамыз.
Қызыл+сұр реңктер
Қызыл мен сұр түсті үйлестіру – кең таралған әдістің бірі. Chanel үйлесімінде бұл түстер талғамды іске асырылған. Ашық сұр реңк трендті қызыл түспен керемет үйлесім тауып тұр.
Алқызыл+жасыл+ақ
Бір киім үлгісінде бірнеше күтпеген түстер кереғарлығы (контраст) болса да, ол нәзік әрі ерекше көрінеді. Мұндағы ақ түсті інжу-сұр түспен алмастыруға болады.
Күлгін+жасыл+қою сұр (немесе күміс түс)
Мұндай түстерді үйлестіру – батыл шешім. 2018 жылдың басты түсі күлгін түс екенін айтып өткенбіз.
Шаңды раушан реңктері
Алқызыл түс әрқашан сән көрсетілімдерінде салтанатты болып қалатындықтан, оны ең ұтымсыз деуге болады. Суық мезгілдегі алқызыл гамма өзінің бәсеңдетілген реңкіне байланысты жарқын емес, бірақ жайлы болып келеді.
Қызыл реңктер
Қызыл түс әрқашан адамның сұлулығын және даралығын ерекшелейді. Қызыл түстің қай реңкі болмасын кез келген киім үлгісіне негіз бола алады.
Жұмсақ түстер
Жұмсақ түстер тері бұйымдармен жақсы үйлесім табады. Алайда жұмсақ түстер қысқы киім үлгісінде көп кездеспейді.
Жасыл+көк+қара
Дизайнерлер бір қарағанда үйлеспейтін секілді көрінетін түстер үйлесімін ұсынып отыр.
Қызғылт-сары+көк
Бұл екі түс бірін-бірі күшті ашады. Бұл киім үлгісі қысқы шуақты күнге керемет келеді.
Жаңғақты гамма
Мұндай түстер үйлесімі – киім үлгісінде көпқабаттылықты ұнататын бойжеткендерге жақсы шешім. Ол суық қысқа арналған «жылы» киім үлгісі болып табылады.
Қыша түс+көк
Көк түс пен қышы түс үйлесімі көзге түсерлік ерекшелік сыйлайды.
А. Жапатова