- Негізгі бет
- Сән
- Күзге дайындық: Mango...
Күзге дайындық: Mango бутигі ұсынған киімдер
Көзді ашып-жұмғанша жаздың соңғы айы да басталып кетті. Ал бойжеткендер мен бозбалалар болса, әлі де киім таңдауда. Бірі – сәнге еліктесе, екіншісі – сұлуынан жылуы деп еліміздің құбылмалы ауа райына сай киім сатып алуда. Бұл жолы бойжеткендердің көңілінен шығатын киімді таңдауға Қазақстандағы ең үлкен молл Апорт сауда орталығындағы Mango бутигінің мамандары көмектесті.
Атақты сән журналының редакторы Диана Вриланд «Нағыз талғам адамның басында. Басы болса қалғаны өз жолымен келеді» дейді. Расымен де, киім таңдар кезде ішкі түйсігімізді тыңдап, киген киімімізге қимыл-қозғалысымызды да сай келтіруіміз керек. Ал әзірге төмендегі образдарды талдайық.
Өзім қатарлы қыздардың университетте оқып әрі кеңседе жұмыс істеп жүргенін байқағандықтан, алғашқы образды классикаға арнауды жөн көрдім. Естеріңізге сала кетейін, қазақстандық бойжеткендердің 80℅-ы осы стильді таңдайды. Ол бойды жинақы етіп көрсетеді. Ал сырға, білезік сынды аксессуарлар қыз баласына тән нәзіктігімізді айқындай түседі.
Клатч бағасы - 3 490 теңге
Кеудеше бағасы - 8 990 теңге
Көкірекше бағасы - 13 990 теңге
Шалбар бағасы - 8 890 теңге
Туфли бағасы - 14 990 теңге
Сырға бағасы - 6 490 теңге
Келесі образды көпшіліктің көзайымына айналуды жөн көретін бойжеткендерге арнаймыз. Бұл киімдерді киген кезде байкерлердің сүйіктісіне ұқсағыңыз келмесе күлімсіреуді ұмытпаңыз. Және ең бастысы - биік өкшелі аяқ киім кигенде тізені бүкпей жүру. Сондықтан бұрын-соңды биік өкшелі аяқ киім киіп көрмеген болсаңыз, үй ішінде жүріп жаттығып алыңыз.
Көйлек бағасы - 12 990 теңге
Былғары күртеше бағасы - 17 990 теңге
Үшінші образ кэжуал стиліне сай таңдалды. Оны аты айтып тұрғандай күнделікті кез келген жерге киіп баруға болады. Әсіресе джинс шалбарын ерекше атап өткім келеді. Себебі оның белді толықтай жауып тұруы қатты ұнады. Ал мойындағы алқа аксессуары ауырлау болып көрінгенімен, эксперимент жасап көруге болады.
Футболка бағасы - 7 990 теңге
Джинс шалбар бағасы - 11 990 теңге
Туфли бағасы - 14 990 теңге
Төртінші образымыз мектеп формысына ұқсайды. Сондықтан оны күнделікті тұрмыста емес, кеңсеге немесе университетке киіп баруға болады. Ақ кеудеше мен қара белдемшенің мектеп формысынан айырмашылығы болуы үшін аксессуарлармен толықтыруды ұмытпаған жөн.
Жейде бағасы - 9 990 теңге
Белдемше бағасы - 7 990 теңге
Білезік бағасы - 2 990 теңге
Туфли бағасы - 19 990 теңге
Дәл осы төртінші образды жарқын түсті пальтомен толықтыруға болады. Қыстың қамын жаз ойла демекші, күзге деген дайындықты киім бағасы арзан кезде жасап қойған ұтымдырақ болар еді. Мұнымен қатар сөмке мен мойын орағышты да ұмытпаңыз.
Жейде бағасы - 9 990 теңге
Белдемше бағасы - 7 990 теңге
Білезік бағасы - 2 990 теңге
Туфли бағасы - 19 990 теңге
Мойын орағыш бағасы - 6 490 теңге
Сөмке бағасы - 13 990 теңге
Қалай десек те, адам көркі шүберек екені рас. Сондықтан оны қашан да үйлестіріп киген абзал. Және сәнді киім міндетті түрде қымбат болуы керек еместігін ескеріңіз.
Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ©Жолдас Өрісбаев
Hawaii – жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін жалғыз аквабақ
Жазғы сән: DeFacto мен Terranova ұсынған киімдер
Жазғы сән: LC Waikiki бутигі ұсынған киімдер
Қ. Бүйенбай