Hawaii – жылдың 4 мезгілінде жұмыс істейтін жалғыз аквабақ

Hawaii – жылдың 4 мезгілінде жұмыс істейтін жалғыз аквабақ

Hawaii – барлық маусымда жұмыс жасайтын орталық Азиядағы жалғыз аквабақ. Әрі барлық отбасы мүшелеріне арналған толыққанды демалыс. Оның қаншалықты жайлы әрі қауіпсіз екенін анықтау мақсатында massaget.kz сайтының тілшісі Hawaii аквабағына саяхат жасады. 

Гавай аралдары – көздің жауын алатын нағыз тропикалық әлем. Оны жер бетіндегі ең әдемі пейзаж деп атасақ болады. Онда түрлі биіктіктегі сарқырамалар мен экзотикалық өсімдіктер бар. Өкінішке орай, еліміздің тұрғындарының барлығында осындай көркем жерлерді көру үшін кететін қаражат жоқ. Сондықтан "Апорт" сауда орталығы Гавай аралдарын елімізге әкелуді жөн көрді. Олай болса, таңғажайып аралда болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. 

Аквабақта балалар мен үлкендердің көңілін көтеретін арнайы мамандар жұмыс істейді. Олар түрлі ойындар ұйымдастырып, жиналған қонақтарға әсем ән тыңдауға мүмкіндік береді. 

Hawaii аквабағында өткізетін демалыс ешкімді бей-жай қалдырмайды. 

Әр бассейннің жанында құтқарушылар бар. Олар батып бара жатқан адамның жанына небары 3 секунд уақытта жетеді. 

Жыланмен және игунамен бірге суретке түсуіңізге болады. Әрине, қорықпасаңыз! 

Мұздатқыш бөлмесі, кез келген талғамнан шығатын сауна, түркиялық хамам, хош иісті душ, джакузи, уқалау қызметтерімен жабдықталған spa кешені бар. 

Жазда лагерьде жүрген мектеп оқушылары сыныбымен бірге келіп демалуда. 

Таза су, биіктігі 20 метрді құрайтын төбешігі, 12 түрлі толқынды бассейні бар. 

Даяшылар әрдайым қалағаныңызды әкелуге дайын, әрі ашықжарқын. Үнемі күлімсіреп тұрады. 

Aguabar, Tiki-bar, Aloha, Hawaii Bar&Girl сынды тропикалық мәзірдегі тағамдарды дайындайтын мейрамханалар мен барлар бар. Мұнымен қатар бұл жерде балаларға арнайы ас дайындалады. 

Коктейльдің түр-түрін таңдауыңызға болады.

Құтқарушылар балаларға бір-бірін суға батырып ойнауға қатаң түрде тыйым салады. 

Күнге күюді сүйетіндер үшін – солярий, ал ең кішкене қонақтар үшін су ойындары қарастырылған. 

Аквабақ демалыс және мереке күндері де жұмыс жасайды. Жұмыс жасау кестесі төмендегідей:

Дүйсенбі - 11.00 - 22.00

Сейсенбі - 12.00 - 22.00

Сәрсенбі - 11.00 - 22.00

Бейсенбі - 11.00 - 22.00

Жұма - 11.00 - 23. 00

Сенбі - 11.00 - 23.00

Жексенбі - 11.00 - 23.00

Ал бағаларын мына суреттен көре аласыз. 

Арнайы massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай, Жолдас Өрісбаев

Сурет: massaget.kz

Қ. Бүйенбай