- Негізгі бет
- Сән
- Күздің ең басты...
Күздің ең басты иіссулары
Назарларыңызға жаңа маусымда айналып өтуге болмайтын иіссулардың тізімін ұсынамыз.
№5 Eau Premiere, Chanel
Chanel №5 - иіссу әлемінің аңызы. №5 Eau Premiere – осы керемет туындының жаңартылған нұсқасы. Құрамына ақгүл (жасмин), иланг-иланг, жұпарағаш және итмұрын кіреді.
Joyful, Escada
Joyful иіссуының ұраны - «Бақыттылар сағатқа қарамайды».
Dahlia Divin, Givenchy
Әйгілі парфюмер Франсуа Демаши керемет әсер ететін тамаша Dahlia Divin атты иіссуды ұсынды.
Aura, Loewe
Aura иіссуы самбак ақгүлі, жұпар су, алқызыл раушан гүлінен жасалған.
Daisy Dream, Marc Jacobs
Сүйкімді гүлді шишадағы Daisy Dream иіссуы нағыз арманшылдарға арналған.
Jeu D’Amour, Kenzo
Сезім, махаббат тәлкегі және мәңгілік сөнбес құмарлық секілді махаббат формуласы бір ғана Jeu D’Amour-дан табылады.
Angel Eau Sucree, Thierry Mugler
Angel Eau Sucree-дің сөзбе-сөз аудармасы «Қант қосылған су» деген мағына береді. Ол - осы күздің ең тәтті иіссуларының бірі.
L’ACQUAROSSA Eau de Toilette, Fendi
L’ACQUAROSSA - бір қарағаннан жүректі жаулап алатын нағыз италиялық арулардың иіссуы.
Rose Nobile, Acqua di Parma
Rose Nobile - бір иіскегеннен-ақ раушан гүлін еске салатын бірден-бір иіссу.
La Collection Des Essences, Elie Saab
Қазіргі таңда сәннің дамығаны соншалық, Elie Saab сияқты сән үйлері бірден төрт түрлі иістен тұратын топтаманы бір-ақ шығарды.
212 VIP ROSÉ, Carolina Herrera
212 VIP ROSÉ - сауық кештерінде ерекшеленгісі келетін сұлуларға арналған.
La Tentation De Nina, Nina Ricci
Оливье Кресп пен Винсан Леманның серіктестігі «тістелген алма» ішіндегі тәтті иіссуды дүниеге әкелді.
L’Orpheline, Serge Lutens
Хош иісті қарамай, жұпар су, кастореум атты үш негізгі құрамнан тұратын Serge Lutens өнімі - L’Orpheline.
Amethyst Éclat, Lalique
Lalique бренді мөлдір таза шынылардан жасалатын өнімдерімен танымал. Amethyst Éclat иіссуынан да осы шынылардың сыңғырын естуге болады.
MA VIE Pour Femme, Hugo Boss
MA VIE Pour Femme - өмірінің әр минутының қадірін біліп, қуана алатындар үшін.
Lady Million Eau My Gold, Paco Rabanne
Lady Million Eau My Gold иіссуын қолданатындар - бәсекелестікті сезбейтін, ақылды, әрі бақытты арулар.
Rock! By Shakira
Жасыл мандарин, балқарағай, амбренің қосындысы Шакираның энергияға бай болмысын ашып көрсетеді.
Time to play, Puma
Күні бойы күліп-ойнап жүретіндер үшін Puma бренді Time to play иіссуын жасап шығарды.
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: elle.com
Оқи отырыңыз;
Y. Smaghul