Күз-қыс 2017-2018: сәнді әшекейлер #2

Күз-қыс 2017-2018: сәнді әшекейлер #2
Фото: Just-Lady.me

Дизайнерлер өз идеяларын және жаңадан пайда болып жатқан трендтерді араластырып, микстер ойлап табуда. Күз-қыс топтамасындағы кей әшекейлер мен аксессуарлар киім үлгісін де басып кеткен.

Басы

Трендті алқалар

Күрделі әшекейлер мен көп қатарлы моншақтар орнына көлемді алқалар келді. Символдық және көлемді мойынтұмары бар бірнеше шынжырлар әр сән көрсетілімінде кездесті. Ал чокерге деген сұраныс азая бастады. Чокерді кей дизайнерлер ғана көрсетті. Ол күз-қыс топтамасында шағын әрі қарапайым болды.  

Сәнді сырғалар

Шеге секілді көрінбейтін сырғаларды ұмытыңыз. Себебі, көлемді клипстер, сақина-сырғалар, ұзын тізбек сырға, көп қатарлы люстра-сырғалар, ірі моншақпен немесе інжумен және «анар жемісінің дәндерімен» әшекейленген сырғалар сәнде болады. Көрсетілімдерден байқалған тағы бір тенденция – құлаққа екі түрлі сырға тағу немесе сырғаны тек бір құлаққа ғана тағу. Дизайнерлер люстра-сырғаны шеге сырғамен, ал сақина-сырғаны пусеттермен үйлестіруге кеңес береді.

Інжуден жасалған әшекейлер мен аксессуарлар

Інжудің жаңа кезеңі басталды. Дизайнерлер бағалы минералға жаңа өмір сыйлады. Інжу моншақ, сырға және сақинадан басқа онымен безендірілген сөмке, белдік, бас киім және аяқ киім кию сәнде болады. Інжудің шынжырмен, тастармен және металл салпыншақтармен құрамдастырылған түрлері де бар. Інжудің түрлі диаметрі мен түрлі түстерін араластыруға болады.

Шынжыр

Дизайнерлер шынжыр тақырыбына аксессуарлар мен әшекейлердің көптеген түрлерін ұсынды. Олар манжет-білезіктер мен көлемді чокерлерден бастап түрлі детальді шағын белдіктерге дейін тарады. Жалпақ былғары белдіктің орнына жіңішке шынжыр белдіктер сәнге келді.

Сәнді белдік

Шынжыр белдіктер басқа материалдан жасалған белдіктерді толықтай ысырып тастаған жоқ. Белдіктер барлық форматта танымалдыққа ие. Дизайнерлер белдікті түйін етіп байлауды және екі белбеу қатарынан тағуды ұсынады.

Галстук және бабочка

Дизайнерлер адамдарды таңдандырудан жалықпайды. Өткен мезгілдерде олар ер адамның киімдерін киюді ұсынса, енді олардың аксессуарларын тағуды көрсетті. Мan-like стилі жылдан-жылға танымалдылыққа ие болып, тек подиумдардан емес, қала көшелерінен де кездесетін болды.

А. Жапатова